• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:36:11
Алматы
+35°

Қазақстандық парашаңғышы Ербол Хамитов Швецияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды деп хабарлады "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы".

Ресми мәліметке сәйкес, Хамитов әлем чемпионатындағы спринт жарысында топ жарған. Оның көрсеткіші - 2:44,23. Украиналық спортшы Тарас Рад мәреге екінші болып келсе, үшінші орынға бразилиялық спортшы Кристиан Вестмаер Рибейра ие болды.
 
Бұған дейін Ербол әлем чемпионатының алғашқы күні пара биатлоннан қола жүлдені жеңіп алған болатын.
 
Парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатыр. Жарыстар 29 қаңтарға дейін жалғасады. Оған 18 мемлекеттен 102 спортшы келген.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір