• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:11:16
Алматы
+8°

Қоғам белсендісі, құқықтанушы Инга Иманбай тіркелмеген Демократиялық партия өкілдері мажоритарлық тәртіп бойынша мәжіліс сайлауына кандидаттыққа құжат тапсыратынын мәлім етті.

"Парламенттік сайлауға қатысамыз! Қадірлі ағайын! Өздеріңізге мәлім, елде парламент сайлауы жарияланды. Биыл мәжіліске тек қана партиялық тізіммен емес, жеке округтер бойынша мажоритарлы жүйемен өтуге болады. Үш жылдан астам бойы күрессек те, билік біздің партияны тіркеген жоқ. Құрылтай съезін өткіземіз дегенде түрлі арандатуларды ұйымдастырып, ондаған белсендімізді пойыздан түсіріп, ақыр соңында жиынымыздың шырқын бұзды. Бірақ, бұл күрес тоқтады деген сөз емес. Алдағы уақытта біз Демократиялық партияны ресми тіркеуден өткізу жұмысын қайта жандандырамыз", - деп жазды Инга Иманбай. 

Оның айтуынша, Демпартияның Алматыдағы жақтастарынан бөлек, өзге де өңірлердегі өкілдері кандидат атануға ниетті.

"Парламент атқарушы биліктің айтқанын орындап, дегенін жасап отыратын нотариус болмауы тиіс. Парламент халыққа қажетті заң қабылдайтын, елдік, ұлттық мүддені қорғайтын, ақиқатты айтатын биік мінбер болуы керек! Барлық демократиялық елдерде солай. Алдағы уақытта кандидат ретінде құжаттарымызды тапсырамыз, ресми түрде тіркеуден өтуге талпынамыз. Барлығын ашық түрде сіздерге хабарлап, көрсетіп отырамыз. Бізбен бірге болыңыз, ағайын!", дейді ол. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір