• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 07:59:05
Алматы
+12°

Жуырда үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі бірқатар облыстарда күннің жылынуымен сел жүріп, су тасқыны болуы мүмкін екенін мәлім етті. Оқыс оқиғалар көктем ерте келетін Түркістан облысында басталып та кетті. Осы орайда Қамшы порталы қауіп аймағында тұрған облыс әкімдеріне сұрау салып, көктемгі су басуға дайындығы, бұған дейінгі оқиғалардан қаншалықты сабақ алғаны жөнінде сұрады. Төменде Батыс Қазақстан облысындағы ахуал туралы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Арсен Ғұбашевтың жауабы ұсынылған.

1) Өңірде қандай проблемалық учаскелер бар? Қанша елдімекенге су басу қаупі төніп тұр?

Көп жылдық мониторингке сәйкес облыста су тасқыны тәуекелі аймағында 138 елдімекен орналасқан, олардың 105-інде қауіп азайтылды, 1-еуінде қауіп жойылды, ал қалған 32-сінде қауіп сақталуда, оларда қауіп-қатерді азайту бойынша жұмыстар «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы шаралар Жол картасы» мен инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде жүргізілетін болады.

Су тасқыны қаупі бар барлық ауылдар ерекше бақылауға алынды, жауапты лауазымды тұлғалар, инженерлік техника және материалдық ресурстар бекітілді.

2) Елдімекендерді су тасқынынан сақтау үшін, су басу зардабын төмендету, оқыс оқиғалар мен қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін не істелініп жатыр?

Қазіргі таңда 2023 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Жанар-жағармай материалдарының, қаптардың, инертті материалдардың (18 мың тонна инертті материалдар, 56 мың қап, 78 тонна ЖЖМ) қорлары дайындалды.

205 млн. теңгеге мұз жару жұмыстарына, тікұшақты тартуға («Казавиақұтқару» АҚ) және ғарыштық мониторингті («Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК) жүзеге асыруға шарттар жасалды.

Облыс бойынша төтенше және шұғыл шығындарға арналған резервтерде 2,7 млрд. теңге көзделген, бұл өткен жылмен  салыстырғанда 30%-ға көп (2022 ж. - 1,9 млрд.теңге).

2 мыңнан астам адамды, 700-ге жуық техниканы, 85 жүзу құралдарын және 276 мотопомпаны құрайтын күштер мен құралдар топтамасы дайын.

3) Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су басудың дәстүрлі себептері ретінде өзен арналарының толып қалуы мен балдырлануын, дренаждық-арық жүйелерінің болмауын атаған. Мұндай проблемалар сіздің облыста қалай шешіліп жатыр?

Өткен жылы 193 млн. теңгеден астам қаржыға 4 канал тазартылды (Жәнібек, Сәнкібай, Первомай, Тайпақ, 35,8 км), сонымен қатар 13 гидротехникалық құрылысты жөндеу жүргізілді (Сәнкібай (4), Первомай, Жәнібек (2), Бағырлай каналдары, Варфоломеев гидроторабы, 1-Казталов су қоймасы, 2-Казталов су қоймасы, Мамаев гидроторабы, Сарышығанак су қоймасы).

Шиелі, Деркөл өзендерінде қамыс шабу жұмыстарын жүргізіліп, биыл арнаны тазарту жоспарланды.

Сонымен қатар 2,6 млрд теңгені құрайтын Киров-Шежін магистралдық каналын реконструкциялау жүргізілуде.

Жалпы облыста 74 гидротехникалық құрылым бар, оның ішінде 7 су қоймасы жөндеуді қажет етеді. Су қоймаларын кезең-кезеңмен жөндеу жоспары жасақталды.

4) Үкімет басшысы проблемалық өңірлердің әкімдері қарды уақытылы шығаруда сылбырт қимылдап отырғанын мәлім етіп, шаруаны ширатуды тапсырды. Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыс көлемі қандай?

Бүгінгі таңда қардың биіктігі 12 см құрайды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 20 см-ге төмен (2022 ж. - 32 см). Қарды уақытылы шығару жұмыстары туәлік бойы жүргізіледі.

5) Әлихан Смайлов сондай-ақ облыс басшыларына бұрынғы қателіктерді қайталамауды қатаң тапсырған. Алдыңғы жылдардағы жағдайдан нәтиже шығарып, «биыл облысымыз көктемгі су тасқынына тас-түйін дайын» деп айта аласыз ба?

Қазіргі таңда 2023 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Су тасқыны қаупі бар барлық ауылдар ерекше бақылауға алынды, жауапты лауазымды тұлғалар, инженерлік техника және материалдық ресурстар бекітілді.

6) Көктемдегі оқыс оқиғалар кезінде жергілікті әкімдіктердің шамасы жетпей жатқан жұмысты халық әлеуметтік желі арқылы жылу жинап шешкен жағдайларға көпшілік куә. Сіздердің облыс су басудың зардаптарын жою, су басқан елдімекендердің халқын эвокуациялау сынды шаруаларға қаншалықты әзір?

Қазіргі таңда 2023 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Жанар-жағармай материалдарының, қаптардың, инертті материалдардың қорлары әзірленді, сонымен қатар облыс бойынша барлық эвакуациялық пункттер дайындалды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір