• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:49:27
Алматы
+8°

Заңгер Анна Димитриевич күйеуін Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы соққыға жыққанын айтып шағымданды.

Заңгердің сөзінше, күйеуі екеуі таксиге мінгелі жатқанда бейтаныс жігіт жүгіріп келіп, әлдекім бір қызды ұрып жатқанын айтып, көмек сұраған. Көмектесуге барғанында қызды ұрып жатқан жігіт өздерін бас салған.

 

"Олег соққыдан құлап қалды. Орнынан тұрайын дегенде, тебе жөнелді. Күйеуімнің басын футбол добы секілді тепті. Оны тоқтатуға тырысқанымда өзімді мені де ұрып, оның соққысынан асфальтқа ұшып түсіп, есімнен танып қалдым. Есімді жиған кезде полиция қызметкерлерінің келгенін байқадым. Кейін оның достары қосылып, полицейлердің көзінше Олегке қоқан-лоқы көрсетіп жатты. Артынша әлгі жігіт танымал спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл екенін білдім. Олар кешірім сұрайтын шығар деп ойлағанмын, олай болмады" деп жазды заңгер facebook парақшасында.

Алматы полициясы соққыға жығылған заңгерлердің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

"Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды" делінген полиция хабарламасында.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті әскери адам.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір