• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:00:05
Алматы
+12°

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Дәулет Тұрлыханов заңгерлерді соққыға жыққан ұлы Нұрасыл Тұрлыхановтың кінәсі дәлелденсе, заңды түрде жазаланатынын айтты. Сондай-ақ ол ұлының әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады. 

"Ақпанның 11-не қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған азамат, егер оның кінәсі дәлелденсе оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын", деп жазды Тұрлыханов. 

11 ақпанда ерлі-зайыпты адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Чернов әлдекімнің бір қызды ұрып жатқанын көріп, қызға араша түспек болғанында өздері соққыға жығылған. Артынша заңгерлерді ұрған адам Нұрасыл Тұрлыханов екенін белгілі болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір