• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:09:28
Алматы
+12°

Жуырда Қамшы порталы республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдерінің арасында «Қай әкім халыққа жақын?» деген атаумен сауалнама жүргізген. Енді әр аймақ әкімдерінің тұрғындармен жұмысын бағалау, бағамдау мақсатында оларды "Ескі Қазақстан" шенділерімен салыстырып көрмекпіз.

Облыс әкімдері арасындағы сауалнама ел экономикасы үшін басты донор аймақтардың бірі  – Атырау облысынан басталады. Мұнайлы өңірді тәуелсіздіктен бері онға тарта адам басқарған. Олардың ішінде жұмыс істеу тәсілімен, іскерлігімен көптің ықыласына бөленген әкімдер де, бұқарамен ісі жоқ, кабинетінен шықпайтын шенеуніктер де болды. Аймаққа кейін есімі республикаға танымал болған тұлғалар да, жергілікті деңгейде қалып қойған азаматтар да жетекшілік етті. Сол онға жуық басшының арасында әсіресе Иманғали Тасмағамбетов, Аслан Мусин, Бергей Рысқалиевтың аты әлі күнге жұрт жадында.

Ал бүгінде Атырау облысына Серік Шәпкенов әкім болып отыр. Қала әкімі, вице-министр, облыс әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарып, біршама тәжірибе жинаған. Қазіргі қызметіне кіріскеніне де көп болмады. Десе де жылға жуық уақытта елді елең еткізерліктей ісімен, бастамасымен көзге түсе қоймады. Серік Шәпкенов қатардағы көп әкімнің бірі болып қала ма, әлде аймақты алға сүйреген менеджер, мемлекет деңгейіндегі ірі саясаткерге айнала ма, ол жағын уақыт көрсете жатыр. Дейтұрғынмен алғашқы істері мен шешімдерінен-ақ әкімнің қандай боларын аңғаруға болады. Оған баға беруді оқырман еншісіне қалдырдық.

Сіздіңше, Атырау облысына қай әкім қайырлы болды?

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір