• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:28:16
Алматы
+12°

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауына мажоритарлық тәртіппен өзін-өзі ұсынған экономист Мақсат Халықтың кандидатурасын тіркеді. 

"Құрметті достар, сайлауға қатысуға куәлікті алдым. Енді алда үлкен дода, жаратқан өзі жар болсын! Айналамда болып жатқан үрдістердің көптігі соншалық, қай досыма айттым, қай досыма айтпадым тіпті есіме түспей жатыр. Дегенмен хабарласып, қасымнан табылып жатқан бауырларға мың алғыс", деп жазды экономист өзінің фейсбук парақшасында. 
 
Мақсат Халық елдегі белгілі қазақтілді экономист. Ол Жетісу облысы №17 сайлау округіне құжат тапсырған. Депутаттарды тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады. Ары қарай бір ай үгіт-насихат жұмысы жүреді. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы 19 наурызға белгіленген.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір