• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:27:46
Алматы
+12°

Халықаралық еңбек ұйымының «2022-2023 жылдарға арналған жаһандық жалақы туралы есеп» баяндамасына сәйкес, 2006-2019 жылдар аралығында әлемде нақты айлық жалақының орташа жылдық өсімі (инфляцияны ескере отырып, сатып алу қабілетінің өзгеруі) 2%-ды құраған. 2020 жылғы «коронадағдарыс» кезінде өсім 2019 жылғы «коронадағдарыс» алдындағы уақытқа (2%) қарағанда 1,5%-ға дейін төмендесе, 2021 жылы 1,8% дейін өскен, деп хабарлады Ranking.kz порталы.

Бұл ретте 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орташа әлемдік нақты жалақы 0,9%-ға төмендеген. Бұл 2021 жылы басталып, 2022 жылы жалғасқан инфляцияның өсуімен байланысты. Жалақы дәстүрлі түрде жоғары болатын Қытайды қоспағанда, қысқару 1,4%-ды құрады.

Әлемнің ең ірі 20 ұлттық экономикасы кіретін G20 елдеріндегі жалақының сатып алу қабілеті 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында әлемдік орташа көрсеткішпен бірдей 0,9% төмендеді. Бұл ретте ЕО елдерінде және Ұлыбританияда көрсеткіш 2,2%, Ұлыбританияны қоспағанда ЕО елдерінде 2,4% төмендеді.

Аймақтар бойынша 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында нақты жалақының ең үлкен жылдық өсімі Орталық және Батыс Азияда байқалды: 2,5%. Одан кейінгі орында Азия-Тынық мұхиты аймағы: 1,3% (Қытайды есептемегенде, өсім небәрі 0,7%). Оң көрсеткіш араб мемлекеттерінде де байқалды: 1,2%.

Басқа аймақтарда жалақы нақты мәнде төмендеді, ең алдымен Шығыс Еуропада: 3,3% азайды. Одан кейін Солтүстік Америкада инфляция сатып алу қабілетінің төмендеуіне әсер етті, сондай-ақ пандемиядан кейін төмен жалақы алатын жұмысшылар нарыққа оралды, нәтижесінде нақты жалақы 3,2% төмендеді. Солтүстік, Оңтүстік және Батыс Еуропа елдерінде нақты жалақының төмендеуіне ең алдымен инфляцияның өсуі әсер етті, атап айтқанда жалақының сатып алу қабілеті 1,9% төмендеді. Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде 1,7%, Африкада 0,5% төмендеді.

Қазақстанда былтыр инфляция деңгейі 20,3 пайызға жеткенін ескерсек, азаматтардың жалақысы 20 пайызға құнсызданған болып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір