• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 16:41:01
Алматы
+8°

Америкалық миллиардер, Сорос қорының негізін қалаушы Джорж Сорос "Ресей Украинадан жеңілсе, посткеңестік кеңістегі елдерден құралған "Ресей империясы" құлайды" деп мәлімдеді. Бұл туралы Reuters басылымы хабарлады.

Соростың айтуынша, АҚШ Украинаны қолдайды, дегенмен позициясы үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпеуіне баса назар аударып отыр. Оны Джо Байден Владимир Зеленский де ескерткен.

"Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттер Ресейдің жеңілуін асыға күтіп отыр. Өйткені олар өз тәуелсізгін қорғап қалғысы келеді. Украиндықтардың жеңісі "Ресей империясын" құлатады. Енді Ресей Еуропа мен барша әлемге қауіп төндіре алмайды. Бұл – жақсылықтың нышаны" деді Джорж Сорос.

Сондай-ақ ол Ресей әскері әлсіз әрі нашар жабдықталғанын, Владимир Путин украиндықтарға тосқауыл қою үшін Вагнер жалдамалы тобына жүгінгенін атап өтті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір