27 Ақпан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс сайлауына қатысатын саяси партиялар арасында өтетін сайлауалды теледебаттар туралы айтты.
Оның айтуынша, телеарнаның техникалық мүмкіндіктері мен аудиториян көлеміне назар аударылған.
"Министрлік "Хабар" мемлекеттік жалпыұлттық телеарнасының эфирінде сайлауалды теледебаттарды өткізуді ұсынды. Телеарна бүкіл ел бойынша телехабарлардың кең ауқымында хабар таратады. Сайлау алдындағы теледебаттардың күнін 2023 жылдың 16 наурызына белгілеу ұсынылды", - деді ол.
Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы биылғы 19 наурызда өтеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір