02 Наурыз, 2023 NEWS
Фото: sputnik.kz
Экс-министр Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Аталған ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады.
"Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалады. Ол 7 наурызда Минскке барады. Ол жақта Қазақстанның қазіргі өкілі Бекетжан Жұмахановтың орнына тағайындалады", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келді. Үйленген, екі баласы бар.Ол 2021 жылдың 11 қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір