• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:42:15
Алматы
+8°

Бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталады. Ерлан Қарин ресейлік министрмен кездесті. Нидерландта Ресей консулын "қуып шықты". Бұл туралы толығырақ Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан жаңалықтары

Ақтау әкіміне айыппұл салынды

Ақтау әкімдігінің Ақтаудағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын қолданыстағы "шаруашылық блогын орналастыру және пайдалану үшін" "тұрғын үй кешенінің құрылысына"өзгерту туралы шешім қабылдамауы ақшалай өндіріп алуға себеп болған. Нәтижесінде, оған 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынған. 

Банкроттыққа өтінім қабылдау басталды

Банкроттық рәсімдердің 3 түрі енгізілді. Олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі бастамашы бола алады, яғни кредитордың борышкерді банкрот деп жариялау жайлы өтініш беруге құқығы болмайды.

Маңғыстау облысындағы ауыл тағы да сусыз қалды

Маңғыстау облысы Атамекен ауылының тұрғындары сусыз қалды. Су жеткізушісінің зауыттарға қарызы болғандықтан ауыл сусыз қалған. Сондай-ақ, ауданның су құбыры желілері жартылай тозғаны анықталды. 

Ерлан Қарин Ресейдің Мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті

Кездесуде екі ел арасындағы өнер және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мемлекеттік кеңесші Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени қарым-қатынастардың маңызы жөнінде атап өтті.

Әлем жаңалықтары

Еуроодақ елдері газды бірлесіп сатып алуға кіріспек

Бұл шара энергетикалық дағдарыстан шығу үшін қолға алынып отыр. Жоспар - ЕО-ға мүше елдердің сұранысын біріктіру және оны халықаралық жеткізушілердің ұсыныстарымен салыстыру. Бұл газ бағасының төмендеуіне әкеледі және шағын елдерге жаһандық бәсекелестікке көмектеседі деп күтіліп отыр. 

Нидерландта Ресейдің құрметті консулы өкілдігін жабуға мәжбүр болды

Ресейдің құрметті консулы Константин ван Флотен ақпанның басынан бастап консулдықты орналастырған елдің оңтүстігіндегі Ландграфтағы Страйтаген сарайының резиденциясынан кетуге мәжбүр болды. Консул жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында Ресей агрессиясын «бітімгершілік миссиясы» деп атады.   Осыдан кейін консулдықты белсенділер талқандап, Маастрихттегі украин босқындары ван Флотенге қарсы наразылық танытты.

2023 жылдың ақпанында ван Флотен консулдықты Ландграфтағы сарайына орналастырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір