• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:19:31
Алматы
+7°

Жапония 35 жылдан кейін аралдарын қайта санады. CNN арнасының хабарлауынша, арал саны бұрынғы есепке қарағанда 7 мыңға артық болып шыққан.

Жапонияның мемлекеттік геокеңістіктік ақпарат палатасы (GSI) зерттеу жүргізіп, ел аумағында 14 125 арал бар екенін анықтады. Бұл бұрынғы болжамнан екі есеге артық. Жапон билігі елдегі аралдарды соңғы рет 1987 жылы санаған. 

GSI өз баяндамасында технологияның дамуына және цифрлық карта дәлдігінің артуына байланысты деректер өзгергенін атап көрсетеді.

"Ел аумағы өзгермеді, жаңа немесе жасанды аралдар енгізген жоқпыз. Толыққанды арал деп тану үшін жер учаскесінің ауданы қандай болуы керек екенін анықтайтын бірыңғай халықаралық шарттар жоқ. Сондықтан осыдан 35 жыл бұрынғы өлшемдерді қайта қолдандық",  деп хабарлайды зерттеу агенттігі.

Бірақ Жапония өзге мемлекеттер таласқан кейбір аралдарға қатысты дауды әлі шеше алмай келеді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жапония арал

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір