• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 00:53:45
Алматы
+12°

Қызылорда облысы әкімдігі Арал теңізінің деңгейі 2022 жылдың қазан айымен салыстырғанда 48 сантиметрге артқанын хабарлады.

Былтыр жыл бойы Арал теңізіне 816 миллион текше метр су құйылса, 2023 жылғы екі ай ішінде 803 миллионға жеткен. 

"Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғанов хабарлағандай, осы уақытқа дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд.текше метрден, 18,5 млрд текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген болатын. 2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі таңға теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ (48 сантиметр) көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метрге ұлғайды", – делінген әкімдіктің хабарламасында. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Арал теңізі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір