• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 20:56:53
Алматы
+12°

«Damu business group» ұжымы айырықша ауызашар берді. Қоғам қайраткерлері, журналистер, мәдениет қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер, медресе тыңдаушылары... т.б. әр сала өкілдері қатысқан ауызашар тек діни жоралғы ғана емес нағыз ұлттық рухани кешке айналды.

Осыған дейін сан түрлі қайырымдылық шараларды, рухани, мәдени жобаларды абыроймен атқарып жүрген кәсіпкерлер тобы соңғы кездері саяси белсенділіктерімен де көзге түсіп жүр. Айталық бизнес ұжым өкілі Жалын Жайнарбай «Республика» партиясының атынан Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды. Партия тең төрағаларының бірі Сырымбек Тау Парламент сайлауында қолдау көрсеткен көпшілікке рахметін жеткізді.

Кеш тізгінін Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын, қаламгер Қайрат Құл-Мұхаммет ұстады. Журналист, ұстаз Жарқын Сәлен бастап келген Абай атындағы дарынды балалар мектебінің түлектері домбырамен өлең шумақтарын төгіп, жалынды жырларын оқыды. Әнші, актер Әсет Есжан «Дүр қамшыны» асқақтатса, «Алатау серілері» бизнес өкілдеріне арнаған «Даму» әнін шырқады.

«Damu business group» басшысы Құмар Жұмақан ұжымның құрылғанына 7 жыл толғанын, әртүрлі салада бизнес жасап отырған азаматтардың жылдық табыс көлемі 60 миллиардқа жуықтайтынын хабарлады. Кеште дін қызметкерлері салиқалы уағыз айтып, ақын-жазушылар рухты жырларын оқып, әр сала мамандары ұтымды ұсыныстарын жеткізді.

Айта кетерлігі әр жылдары «Қамшы» порталы өткізген елдік, ұлттық, мемлекеттік шараларға да «Damu business group» ұжымы айрықша қолдау көрсетіп келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір