• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:34:02
+12°

Премьер–министр Әлихан Смайылов өзінің үкімет басшысы лауазымына ұсынылуына қарсы болған Жалпыұлттық социал–демократиялық партияның сынына жауап берді, деп хабарлады informburo.kz

"Қазір парламентте алты партия отырғандықтан, алты түрлі пікірдің болуы – қалыпты нәрсе. Кез–келген сын жұмыстың өнімділігін арттырады. Сондықтан сын айтылуы бізге тек пайдасын тигізеді. Бұған түсіністікпен қараймыз. Үкімет Қазақстанның игілігі үшін одан әрі жұмыс істеуге дайын", – деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов парламент пен қоғам министрлер кабинетіне үлкен сенім артатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, ЖСДП  парламенттік оппозиция ретінде "Аманат" партиясы ұсынған Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қарсы екенін айтқан болатын. Бірақ дауыс беру қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов өз орнын сақтап қалған еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір