• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 11:46:42
Алматы
+12°

АҚШ әскерлері зымырандық шабуыл нәтижесінде  "Ислам мемлекеті" жиһадтық тобының Сириядағы жетекшісін өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.

АҚШ Халид әл–Джабуридің өлімі ДАИШ–тың лаңкестік әрекеттер жасауына тосқауыл болатынын мәлімдеді. Ведомство қаза тапқан содырдың қандай терактілер ұйымдастырғанын  айтпады.

"ДАИШ қауіп төндіруін тоқтатпады. Қылмыстық топ әлсірегенімен, лаңкестік әрекетін жалғастырып, Таяу Шығыстан басқа аймақтарға шабуыл жасауға тырысады", – деді АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Майкл Курилла.

Зымыран шабуылынан бейбіт тұрғындар зардап шекпеген.

АҚШ бастаған көпұлтты коалиция соңғы айларда Сирияның солтүстігінде ДАИШ–тың белді мүшелері мен Әл–Қаиданың сириялық тармағы болып саналатын экстремистік топ – Хуррас ад–Динге қарсы соққы жасады.

Еске сала кетейік, Ирак пен Сирияда ДАИШ–тың 7 мыңнан астам қолдаушысы бар, олардың жартысына жуығын содырлар құрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір