04 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
АҚШ әскерлері зымырандық шабуыл нәтижесінде "Ислам мемлекеті" жиһадтық тобының Сириядағы жетекшісін өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.
АҚШ Халид әл–Джабуридің өлімі ДАИШ–тың лаңкестік әрекеттер жасауына тосқауыл болатынын мәлімдеді. Ведомство қаза тапқан содырдың қандай терактілер ұйымдастырғанын айтпады.
"ДАИШ қауіп төндіруін тоқтатпады. Қылмыстық топ әлсірегенімен, лаңкестік әрекетін жалғастырып, Таяу Шығыстан басқа аймақтарға шабуыл жасауға тырысады", – деді АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Майкл Курилла.
Зымыран шабуылынан бейбіт тұрғындар зардап шекпеген.
АҚШ бастаған көпұлтты коалиция соңғы айларда Сирияның солтүстігінде ДАИШ–тың белді мүшелері мен Әл–Қаиданың сириялық тармағы болып саналатын экстремистік топ – Хуррас ад–Динге қарсы соққы жасады.
Еске сала кетейік, Ирак пен Сирияда ДАИШ–тың 7 мыңнан астам қолдаушысы бар, олардың жартысына жуығын содырлар құрайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір