• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Қараша, 01:02:42
Алматы
+12°

Қамауға алынған АҚШ–тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа Нью-Йорктегі сот отырысында 34 пункт бойынша айып тағылды. Алайда Ақ үйдің бұрынғы басшысы өзіне тағылған айыптың ешбірін мойындамады, деп хабарлайды CNN

Сотта саясаткерге заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында іскерлік құжаттамаларды бұрмалады, сондай–ақ 2016 жылғы президенттік сайлау науқанында бөлінген қаражатты жөнсіз пайдаланды деген айып тағылған.

Бұл айыптаулар 2016 жылғы президенттік науқан кезінде қарым–қатынасын жасыру үшін актриса Сторми Дэниэлске ақша берді деген күдікпен тергеу жүргізілуіне байланысты туындап отыр.

Тілшілердің айтуынша, Трамп бірде–бір тармақ бойынша өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Сот отырысынан кейін айыпталушы қамаудан босатылып, сот ғимаратынан шығып кеткен. Кейін оның жоспарланған іс–шараға қатысу үшін Флоридаға ұшып кеткені белгілі болды.

Басылым Дональд Трамптың ісі бойынша келесі сот отырысы 4 желтоқсанға қойылып, тыңдаулар Нью–Йоркте өтетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп АҚШ тарихында ресми түрде қылмыстық бап бойынша айып тағылған алғашқы президент болып отыр. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ақш трамп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір