• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 08:21:17
Алматы
+8°

Халықтық Парламент 19 наурызда өткен мәслихат және мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижелеріне қарсы митинг өткізді. Рысбек Сәрсенбай мен Мұхтар Тайжан бастаған наразылық білдірушілер қатарында Инга Иманбай, Санжар Боқаев сынды қоғам белсенділері де бар.

бейбіт тұрғын

Митингке прокуратура өкілдері келіп, шерудің заңсыз екенін айтып, шеруге шығушылардан тарауын сұрады.

бейбіт тұрғын

Алайда наразылық білдірушілер прокуратура өкілдеріне қарсы шығып, шеруді тоқтатпады. Заңгер Әлнұр Ильяшев митинг кезінде құқықбұзушылық орын алмайтынын, халықтың бейбіт шеруге шығуға құқығы бар екенін айтып, прокуратура өкілдеріне жауап берді.

Ильяшев

Митинге шығушылардың қолынан "Желтоқсан мен қаңтарды ұмытпаймыз. Кешірмейміз" деген ұранды да байқауға болады. Шеруге желтоқтаншылар да қатысты.

бейбіт тұрғын

Халықтық Парламент сайлау нәтижелері мен сепаратизмге қарсы қаулы қабылдап, шеру соңында Қазақстанның әнұраны шырқалды.

роуиыв

Митинг барысында заңбұзушылықтар орын алған жоқ. Наразылыққа шыққандар бейбіт түрде тарқады. 

Author

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір