• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:44:18
Алматы
+12°

Саясаткер Мұхтар Тайжан "бейбіт жиын тәртібін бұзды" деген айыппен 15 тәулікке қамалды, деп жазды белсенді Марат Тұрымбетов әлеуметтік парақшасында.

Еске сала кетейік бүгін Мұхтар Тайжанды  полиция үйінен алып кеткен еді. Ол өзге әріптестерімен бірге Астанада ұсталған жаңаөзендіктерді қолдап, баспасөз конференциясын ұйымдастырып, мәлімдеме жасамақ болған.

Сонымен қатар, Мұхтар Тайжан 9 сәуір күні Халықтық парламент өкілдерімен бірге сайлау нәтижелеріне қарсы митинг ұйымдастырған болатын. Бірақ Рысбек Сәрсенбай ел алдында митинг жауапкершілігін өз мойнына алатынын хабарлаған. Алайда полиция Тайжанды сол митинг үшін 488 бап бойынша айыптаған. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мұхтар Тайжан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір