• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:16:32
Алматы
+12°

Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпай кеткен экс-премьер Асқар Мамин кеше Ташкенттегі Parimatch-Pro Hokei Ligasy 2022-23 маусымының жабылу салтанатына қатысқан.

Ресми сайт жарияланған суретте Асқар Маминнің Қазақстан хоккей федерациясының президенті ретінде астаналық “Номад” клубының ойыншыларын марапаттап тұрғаны байқалады. 

Аталған шараға Асқар Маминнен бөлек Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиер ФАЗЫЛОВ, Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Глеб КАРАТАЕВ қатысқан.

Еске салсақ, Асқар Мамин 2019 жылдан Қаңтар оқиғасына дейін премьер министр қызметін атқарды. Қаңтар оқиғасынан кейін Асқар мамин үкіметі отставкаға жіберілді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Асқар Мамин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір