• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:02:53
Алматы
+12°

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Мәжілісте медецина сақтандырудағы мәселелерді көтерді. Ол МӘМС жүйесі арқылы медициналық көмек алғысы келген адамдар айлап кезек күтуге мәжбүр екенін айтты. 

"Қазір азаматтар аурухана барып, тексерістен тегін өтемін десе, онда бір ай немесе үш ай күту керек. Ал егер сол адамдар сол тексерістен ақылы өтемін десе, дәл сол уақытта немесе үш минутта өтуіне болады. Сондықтан еріксізден ақылы қызметті алуына мәжбүр болып, онда "біз не үшін ай сайын жалақымыздан жарнаны төлейміз" дейді. Бұл негізінен жасанды проблема. Өйткені енгізілген қаржыландыру жүйесіне де байланысты болып тұр. Мысалы, емханалар іс жүзінде ай сайын квота арқылы қаржы алады. Мәселен, бір айға КТ жасауға 10 квота, МРТ жасауға 5 квота беріледі. Ал, егер КТ-ға сұраныс одан көп болса, онда пациентті дәрігер келесі айларға жазуға мәжбүр. Осыны ескере отырып, ай сайынғы қаржыландырудан бас тарту керек. Көрсетілген қызметтер фактісі бойынша төленуге тиіс", деді министр. 

Асхат Аймағамбетов науқастарға медициналық орталықты таңдау еркіндігін беру керегін алға тартты. 

"Қазір емханалар іс жүзінде ай сайын квота арқылы қаражат алады. Мысалы, бір айға КТ жасауға он квота, МРТ жасауға бес квота беріледі. Ал, егер науқастар саны бұдан көп болса, онда дәрігер науқасты келесі айға жазуға мәжбүр. Осыны ескерсек, ай сайынғы қаржыландырудан бас тарту керек. Көрсетілген қызметтердің ақысы факт бойынша төленуі керек. Науқастарға медициналық ұйымды таңдауда еркіндік беріп, түсініспеушілік болмау үшін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен мед сақтандыру пакетін нақтылауды ұсынамын", - деп айтты Аймағамбетов. 

Бұдан бөлек министр медицина саласында да қағазбастылық мәселесі барын, дәрігерлер науқасты қарап, тексеретін уақытын компьютер шұқылап отыруға мәжбүр екенін жеткізді. 

"Бүгінде дәрігерлер пациенттерді тексерудің орнына компьютерлерге телміріп, деректерді түрлі ақпараттық жүйелерге енгізуге, формулярды толтыруға мәжбүр болғандықтан, науқастарды қарауға тіпті уақыты да жоқ. Бір пациентті тексерудің стандартпен шектелген уақыты толығымен компьютерде жұмыс істеуге кетіп отыр. Сондықтан барлық құжаттаманы толтыруды медбикелерге тапсыру, штат санын көбейту арқылы дәрігерлердің жүктемесін азайту қажет. Бірыңғай ақпараттық жүйені іске қосу бойынша жұмысты шұғыл аяқтау керек", – деп атап өтті депутат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір