26 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың 60%-ы полицияға арыз түсірмейді. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров хабарлады.
"2015-2016 жылдары түскен 100 мыңнан астам хабарлама бойынша кінәлілерге ешқандай жаза қолданылған жоқ. Заңнама өзгерді, бірақ біз басқа мәселеге тап болдық. Өйткені, жәбірленушілер көбіне агрессорға қаржылық және психологиялық тұрғыдан тәуелді. Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы әрбір шағым бойынша шаралар қабылдауда. Сонымен бірге, жәбірленушілердің 60%-ы полицияға арыз түсіруден бас тартады. Тиісінше, біз жаза қолданбаймыз", - деді комитет өкілі баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге, Ренат Зұлқайыров жыл сайын полицияға отбасылық жанжалдар бойынша 100 мыңнан астам шақырту түсетінін айтты.
"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу - ҚР отбасылық-демографиялық саясатының өзекті мәселесі. Азаматтарға қатысты дене жарақаты, сексуалдық, психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылық жасалады. Жыл сайын полицияға отбасылық жанжалдар бойынша 100 мыңнан астам шақыру келіп түседі", – деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір