• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:11:39
Алматы
+12°

Астананың Байқоңыр аудандық соты "терроризмді насихаттады" деп айыпталған суретші Дәурен Макинді жеті жылға бас бостандығынан айырды.

Суретші өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін сурет, эскиздер жариялағанын айтқан суретші бар айып "сурет салуды үйренеміз" деп келген арнайы қызметтің адамдарымен болған "әңгімеге" негізделгенін айтады.

"Олар маған жала жауып отыр. Кінәсіз екенімді дәлелдеуге қанша тырысқаныммен, ескерген жоқ. Facebook парақшамда елдегі саяси оқиғаларға қатысты пікір жарияладым. Соған байланысты соттап отыр. Үкімге келіспеймін, апелляцияға беремін" – деді Дәурен Макин соттан кейін журналисттерге берген жауабында.

Былтыр суретшінің адвокаты мен жақындары Макинге сурет салуды үйренеміз деген сылтаумен екі адам келіп, ортадағы әңгімені диктофонға жазып алғанын айтқан еді. Кейін олардың арнайы қызмет адамдары екені  анықталған. "Бар айып сол әңгімеге негізделген" дейді қорғаушылар тарабы. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті суретші Макиннің тұтқындалуына қатысты жауап беруден бас тартқан.

Еске сала кетейік,  Дәурен Макиннің "Наурыз", "Мастер" картиналары Астанадағы тарихи музейге қойылған. Оны әріптестері ұлттық, тарихи тақырыптарға көп картина салған суретші ретінде сипаттайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір