• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:59:25
Алматы
+12°

Мұнайшылар наразылық білдірген соң Жаңаөзендік мұнай компанияларына қатысты тексеріс комиссиясы құрылған еді. Арнайы комиссия бірқатар заң бұзушылықтар анықтаған. 

"Өзенмұнайгаз" осы уақытқа дейін жұмысқа келмеген қызметкерлерге жалақы төлеп келген. Соның бірі – белгілі ақтаулық айтыскер. Ол алдымен штатта теолог, кейін қоғаммен байланыс жөніндегі маман қызметін атқарған. Сондай–ақ, кей қызметкер кезектің соңында тұрғанына қарамастан жұмысқа өзгелерден ерте орналасқан. Олардың арасында біліктілігі төмен мамандар да бар.

"Берілген жалақыны тексеру барысында еңбек заңнамасының бұзылғаны анықталды. Үстеме жұмыстарға еңбек кодесінде белгіленген мөлшерден артық ақша төлеген. "Өзенмұнайгаз" компаниясында еңбек тәртібін бұзу фактілері бар. Атап айтқанда, аустафинг екі адам жұмыста ұзақ уақыт болмаған. Сонда да толықтай ақшалары төленген. Осындай заңбұзушылықтарды анықтадық, жұмыс жалғасын табады",– деді ҚазМұнайГаз  ҰК басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов.

Мердігер мекеме қызметкерлеріне арнайы киім мен тамақ бермеген. Зейнетақы жарналары 2–3 айға кешігіп, жүргізушілер комбинезон және тамақпен қамтамасыз етілмеген. Компанияның жобалық құжаттары жоқ, қауіпсіздік талаптары бұзылған, экологиялық нормалар сақталмаған. Сонымен қатар, жүк көліктерінің GPS деректері мен уақыт кестесі төленетін айлықтың әлдеқайда жоғары болуы керегін көрсетті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір