• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 12:05:55
Алматы
+12°

Талдықорғандағы сот 28 сәуірде Күдебаевты "Қаңтар оқиғасы кезінде қызметін асыра пайдаланды" деп 10 жылға соттады. Прокуратура Күдебаевті Қаңтар оқиғасы кезінде "қызмет орнын әдейі тастап кетті" деп айыптаған. Сонымен қатар, Күдебаев құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелерде  жұмыс істеу құқығынан 10 жылға айырылды.

Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасы кезінде комендант ретінде полиция департаментінің ғимаратынан кетіп, тәртіпсіздікке қатысушылардың қару ұрлауына мүмкіндік берді деп айыпталған болатын.

Ол сот отырысына келмей қашып кеткен еді. Кейін Күдебаевтің Қырғызстанмен шекараны кесіп өтіп, Бішкектен Ыстамбұлға ұшқаны белгілі болды. Содан бері Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған.

Кеше Бас прокурор Күдебаевтің ұсталғанын хабарлады. Бүгін Күдебаевтің сот отырысы өтіп, ол тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеп, соттағы соңғы сөзін айтқан болатын. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: күдебаев сот қаңтар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір