• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 04:50:34
Алматы
+12°

Еуроодақ елдері Ресейге санкцияны айналып өтуіне көмектесіп отырған елдерге жанама санкция салу механизмін қарастырып жатыр. Оған бірінші кезекте Орталық Азия елдері ілінуі мүмкін. Бұл жөнінде Bloomberg агенттігі жазды.

"Жанама санкцияның мақсаты – басқа елдердің Ресейге көмектесуін тежеу және Мәскеу пайдалануы мүмкін сауда арналарын шектеу. Егер одан нәтиже болмаса, одақ екінші қадам ретінде мақсатты түрде шектеу қою мүмкіндігін қарастырады" – деп жазды Bloomberg.

Агенттіктің хабарлауынша, Ресей басқыншылығына байланысты Мәскеуге санкция салынғаннан кейін бұл елге Қазақстан, БАӘ, Түркия, Қытай және өзге елдерден бірқатар тауар түрін тасымалдау күрт артқан.

Батыс үкіметтерінің айтуынша, Украинаға шабуылдап жатқан Ресейге бұл компоненттер дрондары мен ракеталарын жөндеу үшін керек.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір