• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:43:54
Алматы
+12°

«Қазақстан астанасын Түркістанға ауыстыратын болады»

WhatsApp әлеуметтік желісінде Қазақстан астанасын Түркістанға көшіру туралы бейнеролик таралып жатыр. Видеороликте президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай идея ұсынып, ал парламент депутаттары оны бірауыздан қолдағаны көрсетілген. Сондай-ақ видеодағы ақпаратта астананы ауыстыру ресми түрде 2024 жылдың қаңтарында жарияланатыны көрсетілген.

Мұның бәрі жалған. ҚР президентінің ресми сайтында елорданы Түркістанға көшіру туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, Парламенттің сайтында астананы көшіру туралы видеода көрсетілгендей "тарихи шешім", "қызу талқылау" және "бірауыздан дауыс беру" туралы хабарламалар жоқ.

Елорданы Астанадан Түркістанға көшіру туралы қауесет көптен бері айтылып келеді. Алайда, 2020 жылы ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұндай ақпараттардың мүлдем негізсіз екенін және мұндай шешім қабылданбағанын айтқан болатын.

Еске салсақ, 2022 жылы Қазақстан астанасын Түркістанға емес, Қостанайға көшіру туралы хабарлама тараған еді. Бұл да жалған болып шықты.

«Жаңаөзеннен Астанаға келетіндер үшін арнайын виза аштырады»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елордаға Жаңаөзеннен және "басқа да наразылық қалаларынан" келген адамдарға виза алуға тура келетіні туралы хабарлама таратылады. Бұл – жалған ақпарат.

Аталған хабарламаны Астана қаласының әкімдігі жоққа шығарды.

"Желіде елордада Қазақстанның наразылық білдірген қалаларының тұрғындары үшін визалық режим енгізілетіні туралы жалған хабарлама таратылуда. Астана әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, жалған мәліметтерді тарату ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеліп соғады", — делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, таратылатын хабарламаның көзі Qaznews24 сатиралық Instagram аккаунты болып табылатынын атап өтеміз. Профильдегі парақшада нақты жаңалықтар емес, ойдан шығарылған жаңалықтар жарияланады делінген.

«Жаңаөзенде 2025 жылға дейін карантинде болады»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жаңаөзен қаласы 2025 жылға дейін карантиндік аймақ болып жарияланғаны туралы ақпарат таратылды. Бұдан былай адамдарға кіру үшін арнайы рұқсат қажет болады. Бұл да жалған хабарлама екені белгілі болды.

Бұл жазбаның дереккөзі – Qaznews24 сатиралық Instagram аккаунты. Бұл парақшада тек ойдан шығарылған жаңалықтар жарияланады. Шынайы хабарламалар жоқ.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтында Жаңаөзен аумағында карантиндік шектеулер енгізу туралы ақпарат жоқ. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында да бұған қатысты ресми ақпарат жарияланбаған. Сол себепті мұндай ақпараттардың негізсіз екенін, сенуге болмайтынын хабарлаймыз.

WhatsApp-та 26 сәуірден 10 мамырға дейін қазақстандықтар интернетке кіруден айырылатыны туралы хабарлама таратылады. Бұл – жалған ақпарат.

Интернет желісін ажырату туралы хабар Павлодар облысында пайда болды. Содан кейін ол вирустық сипатқа ие болып, әлеуметтік желіге тарап кетті. Өңірді цифрландыру басқармасында аталған ақпарат теріске шығарылды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 2023 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша барлық байланыс операторларының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істейді. Сізден сенімді көздерден алынған ақпаратқа сенуіңізді және фейктерді таратпауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Бұдан шығатыны, таратылатын хабарламаға сенудің қажеті жоқ. Қазақстанда 26 сәуірден 10 мамырға дейін интернет желісін өшірілмейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір