• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:58:08
Алматы
+12°

Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова партияларды тіркеуден өткізген кезде саяси көзқарастарына назар аударылмайтынын айтты. Журналистер министр орынбасарынан "Алға Қазақстан" партиясының 14 рет тіркеуге өтініш бергенін, алайда өтініштері кері қайтарылғанын айтып сұрақ қойған. 

– Бізде партияларға қойылатын талаптар бар. Олар "саяси партиялар туралы заңға" сәйкес болуы керек. Талаптардың бірі – ол ұйым басқа мемлекеттен қаржы алмауға тиіс. Әскерге қатысы болмауға тиіс. Ал саяси көзқарастары бойынша деген жоқ, – деп жауап берді вице-министр Азаттық тілшілерінің сұрағына.

Вице-министр партияның құжаттарын тексерген кезде мемлекеттік органдар мен базадағы ақпаратқа сүйенетінін айтып, "партияларды тіркемеудің саяси себебі бар" деген оппозиция белсенділерінің сөзін жоққа шығаруға тырысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір