06 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Тергеу кезінде адамдарды азаптаған 39 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерінде тексеру кезінде бейнекамералармен қамтылмаған 5812 учаске мен үй-жайлар және 900 жұмыс істемей тұрған камера бары анықталған.
“Аумақтық полиция департаменттерінің, ҚАЖК және ІІМ орталық аппаратының 19 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осы және басқа да полиция қызметкерлері арасында азаптаудың алдын алудың мәселелері Бас Прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың қатысуымен Ішкі істер министрлігінде өткен ведомствоаралық кеңесте талқыланды. Ол қазіргі уақытта 88 азаматқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданғаны үшін күштік органдарының 39 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын атап өтті”, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір