06 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Азаттық радиосы
Үшінші рет қамауға алынған журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі аштық жариялап, прокуратура ғимаратының алдына жайғасты.
Ол бұған дейін ұлын босатуды талап етіп, талабы орындалмаса аштық жариялайтынын айтқан. Алмаз Тілеповты қолдаған оншақты белсенді де прокуратура алдына жиналды.
Тілепов ұлын босатқанша прокуратура алдында аш отыратынын мәлімдеді. Алайда бүгін таңертең қорғаушысымен жолыққан ұлы оған "Әке, аштығыңды тоқтат. Үйге қайт" – деп хат жазған.
"Баламның өзі түрмеде аштық жариялап отыр. Бірақ мені аяп, үйге қайт дейді. Бірақ мен ұлымды көшеден бас-көз жоқ, заңсыз ұстап әкеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері кешірім сұрағанша тоқтамаймын" – дейді Алмаз Тілепов.
Дереккөз: Азаттық радиосы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір