08 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алтай Көлгінов үкімет басшысының орынбасары лауазымынан босатылды. Оның орнына Тамара Дүйсенованың ҚР Премьер–Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми арнасы хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Көлгінов 2022 жылдың желтоқсанынан бері Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарды. Оған дейін Батыс Қазақстан облысының, Орал қаласының және Астананың әкімі болып жұмыс істеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір