08 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Видеодан алынған кадр
Жаңаөзендік "МунайСпецСнаб Компани" көлік компаниясының қызметкерлері Қазақстан президентіне, Жаңаөзен әкімі мен ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасарына бейнеүндеу жолдады.
Олар өз үндеулерінде бірыңғай жалақы төлеу жүйесінің 70 пайызын енгізуді және жұмыс орнында ыстық тамақ беруді талап етті. Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлады.
Statsnet сервисінің ақпараты бойынша, "МұнайСпецСнаб Компани" – көлік және қоймалау қызметтерін ұсынатын компания. Маңғыстау облысында тіркелген компания 15 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Компанияда 250-500 адам жұмыс істейді. Мекеменің жылдық кірісі 16 851 349 000 теңгені құрайды.
Еске сала кетейік, 10 сәуірде Жаңаөзендегі БерӘлі Маңғыстау Company мекемесінің жұмыстан қысқарған жұмысшылары Астанаға келіп, Энергетика министрлігі ғимаратының алдында наразылыққа шықан болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір