12 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Долонский орман шаруашылығының трактор айдаушысы Архипов Сергей Николаевич өрт сөндіру жұмыстары кезінде жоғалып кетті. Жергілікті әкімдік орманшымен 9 маусымнан бері байланысқа шыға алмай отыр.
"Іздестіру жұмыстарын жүргізуге көмек сұраймыз. Трактор нөмірі – F 937 ARE. Шақыру белгісі – "Марал 61". Далон бөлімшесінен шыққан өртті сөндіру үшін Қаштаққа кеткен. Соңғы рет 9 маусым күні байланысқа шықты", – деп хабарлады oo_osa_semey_vko Instagram парақшасы.
Бұған дейін Абай облысындағы өрт сөндіру кезінде 14 адам мерт болып, жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір