• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:05:39
Алматы
+12°

Абай облысындағы өртті сөндіруге кетіп, қаза тапқан тракторшы өрттен зардап шеккендер қатарына кірмейді. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, Сергей Архиповтің өлімі жүрек қызметінің жеткіліксізігінен болғаны анықталды. Сондықтан ол орман шаруашылығының 14 қызметкері сияқты өрттен құрбан болғандардың қатарына жатпайды. Архиповтың денесі де, тракторы да өрт болған аймақтан басқа жерден табылды. Бұл жағдай оның отбасы үшін ауыр жағдай. Бірақ ол өрттің салдарынан қаза болмаған. Тиісінше өрттен қайтыс болған азаматтардың санатына жатпайды" – деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Сонымен қатар, Өміралиев бұл мәселенә өңірдің облыстық әкімдігі қарастыратынын, Ахриповтің отбасына көмектесем деушілер болса, бұл әрекеттің заңға қайшы емес екенін де айтты. 

Еске сала кетейік, кеше Абай облысындағы өрттен кейін жоғалып кеткен орман шаруашылығының тағы бір қызметкері Сергей Архиповтің денесі табылды. Тракторшы болып қызмет еткен ол "Семей орманы" Долон филиалынан өрт сөндіруге барған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір