20 Маусым, 2023 NEWS
Фото:TASS
Семей қаласының әкімдігі ресейлік Би-2 тобының 21 маусымға жоспарланған концерті болмайтынын мәлімдеді. Алайда кейіннен хабарлама әкімдік парақшасынан алынып тасталған.
"Құрметті отандастар! Орман өрті кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты, сонымен қатар, облыс жұртшылығының өтініші бойынша 21 маусымда Арена МКҚК жоспарланған "Би-2" тобының концерті болмайды. Түіністікпен қарауларыңызды сұраймыз ", – делінген хабарламада.
Әлеуметтік желі қолданушылары қайырымдылық концертінің өтпейтініне наразылық білдіріп, Би-2 тобының Ресей агрессиясына қарсы екенін де тілге тиек етті.
Еске сала кетейік, бұған дейін топ мүшелері Семейдегі концерттен түскен қаражатты Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккендерге көмектесуге аударатынын мәлімдеген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір