• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қазан, 18:45:06
Алматы
+9°

ҰҚК Өскемендегі қылмыстық "текетірестің" алдын алу туралы хабарлады, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

"2023 жылғы 15 маусымда ҰҚК Өскемен қаласының ішкі істер органдарымен бірге өзара текетіресте жүрген екі қылмыстық топтың жоспарлап отырған кездесулерінің жолын кесті.

Операция барысында қала кафелерінің бірінде 20-дан аса қылмыстық топ қатысушылары ұсталды, кейбіреулері бұл жерге қаруларымен келген", - делінген хабарламада.

Күдіктілерден 2 "Макаров" тапаншасы, жарақаттаушы тапанша, мылтық, "тегіс ұңғылы шолақ мылтық", дауыс-жарқылды граната және 2 бірлік суық қару тәркіленген.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір