• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:46:58
Алматы
+12°

Алматыда заңгер Айман Асанованы өлтірген ер адам 1,5 жылға сотталды. Оны бұрынғы күйеуі пышақтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы сотының хабарлауынша, алқабилердің үкімі бойынша айыпкер аффект жағдайында кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Сотқа дейінгі тергеу органы Н. ажырасқаннан кейін мүлікті бөлу бойынша жанжалға байланысты бұрынғы жұбайын мақсатты түрде өлтірді деп айыптады (ҚК-нің 99-б. 1-б.). Қылмыстық істі қарауға 10 алқаби қатысқан.

Заң бойынша сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі туралы үкім әрбірі 1 дауысқа ие алқабилер мен судьяның дауыс беруі арқылы қабылданады. 

"Алқабилер Н. аффект жағдайында кісі өлтіргені үшін кінәлі деген үкім шығарды. Олар Н. мен жәбірленуші арасында жанжал шығып, қақтығыс барысында жәбірленуші Н.-ның ер-азаматтық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай бастады және қалған мүлікті алып кетемін деп қорқытты деген қорытындыға келді. Бұл ретте А. тергеуде анықталмаған пышақты алып, Н.-ды қуалап жүріп, пышақты сермей бастаған. Айыпкер А.-ның сөздерін өрескел қорлау ретінде қабылдап, кенеттен пайда болған қуатты психикалық толқу (аффект) жағдайында жәбірленушінің қолынан пышақты тартып алып, мойын мен бас аймағына соққы жасаған. Жарақат салдарынан жәбірленуші ауруханада көз жұмды. Іс бойынша кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысы бар, сараптамаға сәйкес Н. қылмыс жасалған уақытта жәбірленушінің арандатушылық мінез-құлқының нәтижесінде пайда болған, қысқа мерзімділік, өтпелілік және кенеттен орын алуымен сипатталған қуатты психикалық толқу - физиологиялық аффект жағдайында болған", – делінген Алматы сотының хабарламасында.

ҚК-нің 101-б. 1-б. (аффект жағдайында кісі өлтіру) санкциясы бас бостандығынан 3 жылға дейін шектеу немесе айыру түріндегі жаза тағайындалады.⠀

Прокурордың айыптау актісінде ауырлататын мән-жайлардың жоқ екені көрсетілген.

Заң бойынша (ҚК-нің 55-б. 2-б.) айыпты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жаза 1 жыл 6 айдан (3 жылдан 1/2) аспауы тиіс. Алқабилер соты Н.-ға 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір