• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 16:20:46
Алматы
+8°

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қалыптасқан ахуалға байланысты отандастарымызды консулдық тіркеуге тұруға шақырды. 

"Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алған қауіпсіздік жағдайларына байланысты, аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз. Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарына Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз міндеттеледі", – деп жазды Елшілік.

Ведомство төтенше жағдайлар туындай қалса, Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеген.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір