• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:53:00
Алматы
+12°

Талибан басшысы Хайбатулла Ахундзада Ауғанстанстан әйелдерінің құқығы қорғалатынын мәлімдеді. Бұл туралы The Khorasan diary порталы хабарлады.

Оның айтуынша, Талибан режимі енді ауған әйелдерін дін мен дәстүрді желеу етіп, қыспаққа алмайды.

"Талибан режимі әйелдердің құқығын сақтай отырып, неке, мұрагерлік және басқа да құқықтарын қорғайды. Ислам әмірлігі кезінде әйелдерді көптеген дәстүрлі қысымнан, соның ішінде мәжбүрлі түрде некелестіруден құтқару үшін нақты шаралар қабылданды және олардың шариғаттағы құқықтары қорғау мәселесі көтерілді. Сонымен қатар әйелдердің қоғам мүшесі ретінде жағдайын жақсарту, оларға шариғатқа сай жайлы өмір сыйлау үшін қажетті қадамдар жасалды", – делінген Ахундзаданың Құрбан айт мерекесіне арналған құттықтау хабарламасында.

Хабарлама араб, дари, ағылшын, пушту және урду тілдерінде таратылған. 

Ахундзада әйелдерге хиджаб киюді міндеттеу сынды ережелер жойылатынын айтты.

Еске сала кетейік, Ауғанстанда талибан билікке келгелі әйелдерге спортпен шұғылдануға тыйым салынып, ер адамдардан бөлек оқуға мәжбүр болды. Сонымен қатар Талибан Ауғанстандағы әйелдерді хиджаб киюге міндеттеп, ер адамсыз көшеге шығуға, жұмыс істеуге тыйым салған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: талибан ауғанстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір