• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:52:25
Алматы
+12°

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Лукашенко мен Назарбаевтың телефон арқылы сөйлескені жайлы ақпаратқа түсініктеме берді. 

Ол Лукашенко мен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың не жайында сөйлсекені оларды жеке әңгімесі екенін, ал мемлекттік мәселеге Тоқаев жауап беретінін айтты. 

"Беларусь президенті біздің бұрынғы президентіміздің баяғыдан келе жатқан серіктесі, оларда талқылайтын тақырыптар көп. Бірақ өздеріңіз білетіндей, еліміздің сыртқы саясаты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Республикасының қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзырына кіреді. Сондықтан Қазақстан мен Беларусь арасындағы қатынастарды тек қазіргі мемлекет басшылары арасында ғана талқылауға болады”, - деді Смадияров.

Сонымен қатар, ол экс-президенттің не туралы сөйлескені және нені ақылдасып, талқылағаны өздерінің жеке әңгімесі деді. Ал министрлік тек қазіргі екі мемлекет басшылары арасындағы қарым-қатынасқа негізделетін хабарлады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Беларусь президентінің баспасөз қызметі Лукашенконың 25 маусым күні Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескенін жазған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір