27 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресей президенті Владимир Путин Пригожин көтерілісі кезінде әскери ұшқыштардың қаза тапқанын растады. Бұған дейін ресми түсініктеме берілмеген болатын.
26 маусым күні кешке Владимир Путин халыққа үндеу жасады. Ол өз сөзінде Пригожиннің көтерілісі кезінде әскери ұшқыштардың қаза тапқанын мойындады.
Сонымен қатар, Ресей басшысы "дұрыс шешім қабылдаған" жалдамалыларға Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруды ұсынды. Беларусь президенті Александр Лукашенкоға жағдайды "бейбіт жолмен шешуге көмектескені үшін" алғыс айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір