27 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Седовтың денесі өзі тұратын Қаратал ауданы, Достық ауылынан табылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қаза болған. спортшы бар-жоғы 35 жаста.
Владимир Седов – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы, 2010 жылғы Қазақстан чемпионатының рекордсмені.
Спортшы 2016 жылы допингпен ұсталған болатын. Соның салдарынан 2019 жылы 2008 жылдан 2016 жылға дейінгі барлық спорттық шені ресми түрде алынып тасталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір