27 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Павлодарда хабар-ошарсыз кеткен 83 жастағы ақсақал іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. Туыстарының болжамынша, ер адам моншаға сыпырғыш жасау үшін қайыңды орманға барған болуы мүмкін.
Туыстары мен полиция қызметкерлері Қанатбек Жабықбаевты түннің бір уағына дейін іздеген. Vita еріктілерінің айтуынша, кеше түнде 1940 жылы туған зейнеткердің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
"Қанатбек Жабықбаев күнде «Металлург» бағбаншылығына саяжайға барып жүрген, алайда шамамен сағат кешкі алтыда телефон қоңырауына жауап бермеген соң туыстары алаңдай бастаған. Олар бірден саяжайға шыққан, дегенмен бағбаншылықта ешкім болмаған. Таза киімдері мен ұялы телефоны сол жерде жатқан", – дейді еріктілер.
Туыстарының болжамынша, ер адам моншаға сыпырғыш жасау үшін қайыңды орманға барған болуы мүмкін.
VITA еріктілері, полиция қызметкерлері, жедел әрекет ету жасағы, туыстары, отбасы, достары мен белсенді тұрғындар таңертеңгі сағат алтыдан бастап жоғалған адамды іздестіруде.
Егерде ақсақалды көрген адамдар болса, +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) телефон нөмірлері бойынша еріктілерге хабарласуды сұрайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір