• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:07:05
+12°

Алматыда апелляциялық сот заңгер әйелдің өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды. 

Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысының шешімі бойынша Талғат Нұртаевтың үкімі қайта қаралатын болады. Осылайша, апелляциялық сот алқасы Нұртаевтың үкімін жойып, істі соттың басқа құрамдағы жаңа сот талқылауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін алматылық Талғат Нұртаев өзінің бұрынғы әйелі заңгер Айман Асанованы  пышақтап өлтірген болатын. Сот оны "аффект" жағдайында қылмыс жасады деп 1.5 жылға соттаған. Әлеуметтік желіде сот үкімі қызу талқыға түсіп, наразылық білдіргендердің саны артты. 

Сот мәліметінше, алқабилердің қатысуымен үкімнің күшін жоюға мыналар негіз болды:

  • Сот бұрын зерттемеген дәлелдемелерге сілтеме жасаған қорғаушы тараптың адвокатының жарыссөзінде сөйлеу тәртібінің бұзылуы;
  • Алқабилердің алдына белгілі бір заңды терминдерді қолдана отырып сұрақтар қойылды, мысалы: кенеттен пайда болған қатты психикалық толқу жағдайында кісі өлтіру, бұл заңмен рұқсат етілмейді;
  • Айыптаушы тарап іс материалдарына қоса берілмеген бейнежазбасы бар диск түрінде жол берілмейтін дәлелдеме ұсынды, дискінің шығу тегі ештеңемен расталмады, мұндай диск заттай дәлелдемелер ретінде танылмады.                                                     

"Апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық және процестік заңнама нормаларының сақталуын тексереді және осы негізде алқабилердің қатысуымен үкімнің заңдылығын, дұрыстығын және әділдігін тексереді. Іс жүргізу нормаларын бұзу істі жаңа сот талқылауына жібере отырып, үкімнің күшін жоюға негіз болды", - деп хабарлады сот.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір