• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 00:38:54
Алматы
+12°

Муфтият Zam-Zam Qazaqstan компаниясының директоры Данияр Илиевтің үстінен сотқа шағым түсіреді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеуге барып, елге кері қайта алмай қалған отандастарымызға қатысты мәлімдеме жасады.

Муфтият Zam-Zam Qazaqstan компаниясының қажыларға қызмет көрсетуге қатысты лицензиясы осы жылы ресми қажылық орындарын алған туроператорлар тізімінде жоқ екенін, олардың қызметіне мүлде жүгінбеу керегін айтып, бірнеше рет дабыл қаққан болатын.

Сонымен қатар, осыған дейін қажыларды алдап, далада қалдырған компанияның заңсыз әрекеттері туралы құқық қорғау органдарына шағым түсірген.

"Қолдан жасалған қажылық визаларын пайдаланған компания өкілдері шариғат пен заңға қайшы әрекеттерін әлі күнге жалғастырып келеді. Қазақстан азаматтарын заңсыз жолмен қажылыққа әкелген Zam-Zam Qazaqstan компаниясының жетекшісі Данияр Илиев заң алдында жауап беруге тиіс деп. Олар шариғат пен заңды белден басумен қатар, "мүфтият қажылық квотасын сатады, пара алады" деп жала жабуын доғармай, енді "ҚМДБ жалған қажылық квоталарын жасады" деп ақпарат таратып жатыр"  – ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Оның айтуынша, осы жағдайға байланысты діни басқармаға жәбір көрген қажылар мен оның туыстарынан Zam-Zam Qazaqstan компаниясын құқықтық жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шара қолданылсын деген шығымдар толассыз түсіп жатыр.

ҚМДБ қажылық конкурсынан өткен, қажылық сапарын ұйымдастыруға қабілетті деп танылған, мүфтият жариялаған тізімге сай туроператорлар қызметіне жүгіну қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, "ҚМДБ жалған қажылық визаларын дайындады" деп жала жапқан Zam-Zam Qazaqstan компаниясының директоры Данияр Илиевтің үстінен сотқа шағым түсіретінін хабарлады.

"Олар Алла алдындағы парызын өтеймін деп келген қажыларға қиянат жасады" – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Zam-Zam Qazaqstan  компаниясы қажылыққа аттанған 380 адамды алдап, жалған виза берді деген ақпарат тараған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір