• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:09:32
Алматы
+12°
Астанадағы LRT бетон тірегіне көлік соғылды, деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
Қайғылы оқиға 29 маусым сағат 06.04 шамасында болған. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
 
"Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқов көшесіне қарай жүріп келе жатқан "Chevrolet Malibu" маркалы автокөліктің жүргізушісі "Арыс" көпірінде рульді басқара алмай, бетон тірегіне соғылған. Салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.
 
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар жасалатын болады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Астана LRT

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір