• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:10:24
Алматы
+12°

Сенат депутаттары "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңды мақұлдады. Заң президентке жіберілді. 

Заңға сәйкес, заңсыз байыған жеке және заңды тұлғалардың реестрі жасалады. Тізім жабық болады. Бұрынғы шенеуніктер мен мемлекеттік ұйымдардың экс-басшылары да, олармен байланыста болған барлық адам күдіктілер қатарына кіруі мүмкін. Мысалы, жақын туыстары, таныстары, көлік жүргізушісі, тіпті үй қызметшісі де күдікке ілінуі ықтимал.

"Заңсыз иемденілген активтерді қайтару бойынша арнайы мемлекеттік қор және басқарушы компания да құрылады. Елге қайтарылған қаражат қордың шотына түседі. Ал басқарушы компанияның міндеті – заңсыз алынған мүлікті сатып, ақшасын арнайы қорға аудару. Басқарушы компанияның жалғыз құрылтайшысы үкімет болады. Қайтарылған ақша Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады", деп айтылады. 
 
Алайда халыққа бөлінген қаражатты жымқырған шенділердің байлығын қайтара алады дегенге күмәнмен қарайтындардың саны көп. Аталған заң жобасы екінші оқылымда қабылданған. Енді президент қол қойған соң заң күшіне енетін болады. 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Сенат заң жобасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір