• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:27:56
Алматы
+12°

Бүгін Үкімет кулуарында журналистер Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжановқа  “Заңсыз иемделген активтерді қайтару туралы” заң жобасына қатысты сұрақ қойды. 

Ұлан Байжанов "Назарбаев отбасының мүшелері де қудалануы мүмкін бе?" деген сауалға нақты жауап бермеді. 

"Қазір персоналды тұрғыда бірдеңе дегім келмейді. Тағы да айтайын: заңда субъектілердің нақты талаптары айқындалған. Егер сіздер атаған осы фамилия (Назарбаев), сол отбасының мүшелері сол талаптарға кірсе, сөзсіз оларға да заң қолданылады", – дейді Бас прокурордың орынбасары.

Ұлан Байжановтың айтуынша, бүгінге дейін Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың үстінен іс қозғалғанын және олардың елге заңсыз шығарылған активтер қайтарылған.

Еске салсақ, бүгін Сенат депутаттары "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңды мақұлдады. Заң президентке жіберілді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір